Басына найзағай түскен әйел мерт болды
Сурет: Zakon.kz.
Үндістанда 46 жастағы әйел найзағай түсіп, қаза тапты. Ол жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан кезде найзағай соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Need To Know басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, Пандарбхатта ауылының тұрғыны Гита Бай жаңбырлы күні егістіктегі жұмысынан кейін үйіне қарай бет алған. Ол басына құмыра мен басқа да ыдыстарды көтеріп келе жатқан.
Әйел азық-түлік дүкенінің жанынан өтіп бара жатқан кезде оған найзағай түскен. Дүкен қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырған.
"Әйел ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оны аман алып қалу мүмкін емес екенін бірден анықтады. Байдың денесін қатты күйік шалған", – делінген хабарламада.
Бұған дейін шай ішіп отырған 66 жастағы британдықтың өміріне қауіп төнгені туралы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript