Семейде қатты асыққан әйел теміржол бойында опат болды

Оқыс оқиға, Семей, әйел, теміржол, жүк көлігі, басу, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 22:48 Сурет: видеодан алынды
Семейдегі теміржол өткелінде жүк пойызының астына түсіп, бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аbainewskz порталының мәліметінше, қайғылы оқиға "Жансая" базары маңындағы теміржол өткелінде болған. Әйел асығып, тоқтап тұрған жүк пойыздарының астынан өтпек болады. Алайда, бірнеше секундтан кейін, сағат 16:22-де құрам қозғала бастайды, сөйтіп көп тонналық вагон доңғалақтары әйелді іліп әкетіп мыжып өтеді. Сол маңдағы оқиға куәгерлері жүгіріп келіп, доңғалақ астындағы оны суырып алады, бірақ өкінішке қарай әйел адам алған ауыр жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды. 

Көліктегі полиция департаменті Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі "Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын жеткізді.

"Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", деп нақтылады ведомстводан.

Бұған дейін Өскеменде полицейлер мен тұрғындар теміржолдағы апаттың алдын алғанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: