Басшысы 200 рет отырып-тұруға мәжбүрлеген әйел ауруханаға түсті
Фото: akorda.kz
Oxu.Az басылымы жазғандай, тегі Ян есімді әйел жақында Ханчжоу қаласына көшіп барып, қаржы кеңесшісі болып алғашқы жұмысқа орналасқан. Команда жетекшісі Чжан әр қызметкерден күн сайын 200 қоңырау шалуды және жаңа клиенттер тартуды талап еткен.
28 шілдеде Ян белгіленген норманы орындамаған. Осыдан кейін оған екі таңдау ұсынылған: 100 рет отырып-тұру немесе орындалмаған әр тапсырма үшін 50 юань (шамамен 3441 теңге) төлеу.
Қыз отырып-тұруды таңдап, 200 рет отырып-тұрған. Ол бұл әрекетін басшысына көрсету үшін видеоға түсіріп алған. Осыдан кейін қызметкер аяғының қатты ауырғанын сезінген.
Дәрігерлер науқастан рабдомиолиз диагнозын анықтады. Бұлшықет тіндері бұзылған кезде қанға зиянды ақуыздар бөлініп шығатын қауіпті жағдай. Ол бүйректің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Жергілікті билік компанияға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.
Бұған дейін Қарағандыда жер қазып жатқан жұмысшыны топырақ басып қалғаны туралы жазған болатынбыз. Абырой боолғанда, ер адам басын топырақтың арасынан шығара алған.