Жаңалықтар тізбегі
0

Дөнерханадағы өрт: елордалық келіншек ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем қызметі, Астана, өрт, дөнерхана, келіншек, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 21:40 Сурет: Zakon.kz
Астанада дөнерхана өртеніп, салдарынан зардап шеккен келіншек ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оны тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Зардап шеккен келіншектің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Қабылдау бөлмесіне жеткізіліп, тексеруден өткеннен кейін ол үйіне босатылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін 4 мамырда кешкісін Астанада Байқоңыр ауданында тамақтану орыны - дөнерхана өртеніп, жарылыс болғаны хабарланған

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі төтеншеліктер оқ ошағынан сегіз газ баллонын сыртқа шығарғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: