Гренландиядағы мұз қабаты азайып барады: ғалымдар дабыл қақты

Гренландияда мұз қабаты азайып барады , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 12:54 Сурет: pexels
Гренландиядағы мұз қабаты соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде көлемін жоғалтып келеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жекелеген жылы ауа райымен емес, климаттың ұзақ мерзімді өзгеруімен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025-2026 жылдар аралығында Гренландия шамамен 173 млрд тонна мұздан айырылған. Бұл туралы Дания мен Гренландияның Геологиялық қызметі (GEUS) мәлімдеді.

Зерттеушілердің мәліметінше, мұз қабаты 30 жыл қатарынан массалық балансты теріс көрсеткішпен аяқтап келеді. Яғни еріген мұздың көлемі жиналған қар мөлшерінен көп.

Ғалымдар бір жылдағы ауа райы климаттың жалпы жағдайын көрсете алмайтынын атап өтті. Сондықтан ұзақ мерзімді өзгерістерді бағалау үшін 30 жылдық кезеңге назар аударылады.

"Бұл деректер жаһандық жылынудың мұздың еруін күшейтіп, уақыт өте келе Гренландиядағы мұз қабатының азаюына әкеліп жатқанын тағы да көрсетеді", – деді GEUS Гляциология және климат департаментінің ғылыми қызметкері Сигне Хиллеруп Ларсен.

Мамандардың болжамынша, Гренландиядағы мұздың еруі алдағы уақытта да жалғасады. Бұл Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, 2026 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстанда да дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер кей өңірлерде ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, қар мен тұман болатынын болжады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: