Пашинян: Армения Еуропалық одаққа қосылу бағытынан бас тартпайды

Никол Пашинян Арменияның ЕО-ға қосылу бағытын тоқтатуға шақырғандарға жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 16:12 Сурет: gov.am
Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің Еуропалық одаққа (ЕО) қосылу процесін бастау туралы заңнан бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Армения үкіметі басшысының сөзін news.am басылымы жазды.

"Бұл заңды қабылдау дұрыс қадам болды. Ал қазіргі жүріп жатқан процесті мен оң бағалаймын", – деді Никол Пашинян 2026 жылғы 3 қыркүйектегі брифингте.

Ол Беларусь президенті Александр Лукашенконың мәлімдемесіне де пікір білдірді.

"Қазір "Армения кімге керек? Оның баратын жері жоқ" деп айтып жүргендер бар. Ал бұл заң қабылданғанға дейін де осындай мәлімдемелер айтылған", – деді Никол Пашинян.

Премьер-министр бұл заңның арқасында Армения сыртқы саясатта айтарлықтай жетістіктерге жетті деп санайды.

"Мүмкін, осы заңды алып тастарсыз" дейтін серіктестер бар. Мен бұған үнемі бұл мүмкін емес деп жауап беремін. Өйткені мұнда Парламенттің ғана емес, Армения халқының да саяси еркі бар", – деп атап өтті Никол Пашинян.

2026 жылғы 24 тамызда Никол Пашинян Армения Парламентінде елдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысуына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: