Енді АҚШ-та кез келген адам жағажайдың иесі бола алады
Сурет: pexels
АҚШ-тағы Мартас-Винъярд аралында ерекше қызмет түрі пайда болды. Енді кез келген адам жағалаудан жер телімін сатып ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының мәліметінше, "жағажайдың кілтіне" ие болған адамдар жағалаудағы жер телімінің иесі бола алады. Алайда ол жерде құрылыс жүргізуге тыйым салынған.
Соған қарамастан, теңіз жағасынан жер алғысы келетіндер көп. Қазір мұндай құқықтың бағасы 650 мың долларды (шамамен 295 млн 113 мың теңге) құрайды.
Сұраныстың жоғары болуына тек оның ерекшелігі ғана себеп емес. Бұл арал танымал адамдар арасында бұрыннан белгілі.
Мартас-Винъярд – Массачусетс жағалауындағы курортты арал. Мұнда америкалық байлар, саясаткерлер мен Голливуд жұлдыздары демалады. Аралда Кеннеди отбасы мен Клинтондар отбасы да уақыт өткізген.
Сонымен қатар аралда режиссер Стивен Спилбергтің әйгілі "Жақтар" (Челюсти) триллері түсірілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript