Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

Алматы облысында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Нақтырақ айтқанда, қаскөй қайтыс болған баланың еміне ақша жинап талайларды сан соқтырып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы полицейлерінің арнайы операциясы аясында қылмыстық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды.
Брінші жағдайда Қонаев қаласының 31 жастағы тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз түрде қаржылық пайда тапқан. Сондай-ақ оның тағы бір өрескел іске қатысы бар екені анықталды – балаға емге қаражат жинау сылтауымен адамдарды алдаған.
Екінші жағдайда 26 жастағы ер адам өзін жүк тасымалдаушы ретінде таныстырып, тауарды жеткіземін деген уәдемен 180 мың теңгені иемденіп кеткен.
"Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылар күдіктілердің басқа алаяқтық әрекеттерге қатыстылығын тексеруде. "ANTI-FRAUD" операциясы жалғасуда, ал полиция азаматтарды сақтық танытып, алаяқтық схемалары туралы хабарлап отыруға шақырады", – деп мәлімдеді киберполиция қызметкерлері.
Бұған дейін Павлодарда оқушыға қол көтерген күзетші қызметінен шеттетілгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript