Үндістан тауларында аю екі әйелге шабуыл жасады

Үндістан тауларында аю екі әйелге шабуыл жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 21:54 Сурет: pixabay
Үндістанның Уттаракханд штатында аю екі әйелге шабуыл жасады. Әйелдердің бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Garhwal Post жазуынша, оқиға Чамоли ауданында болған. 56 жастағы Вимла Деви мен Лакшми Деви Сидели-Ток аймағында жүрген кезде оларға кенеттен аю тап берген. Аюдан қашуға тырысқан әйелдер жүгіріп кеткен. Вимла Деви тасты жартастан құлап, оқиға орнында көз жұмды. Ал Лакшми Деви ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Кейін ол жоғары деңгейдегі медициналық орталыққа ауыстырылды.

Оқиға орнына полиция, әкімдік және орман департаментінің қызметкерлері келді. Жергілікті тұрғындар аюды ұстап, елді мекендер маңындағы патрульдік бақылауды күшейтуді талап етті.

Уттаракхандтың таулы аудандарындағы тұрғындар аю шабуылының жиілеп кеткенін атап өтті. Осыған байланысты олар биліктен елді мекендерге жақын аумақта жабайы жануарларды бақылауды күшейтуді сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: