Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті
Фото: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы бермеуге келіскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол дүйсенбіде Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Украина Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы бермеуге келісті. Ресей де дәл осылай әрекет етуге келісті! Дизель отынының әлемдік бағасының өсуіне негізінен Иран емес, Ресей мен Украина арасындағы соғыс себеп болып отыр", – деп жазды Трамп.
Бұған дейін америкалық көшбасшы Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдегі дизель инфрақұрылымы нысандарына соққы беруді тоқтатуға үндеген еді. Трамп Зеленскиймен бұл мәселені талқылағанын айтып, шабуыл жасауға болатын басқа да көптеген нысан бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, Киевтің шабуылдары бүкіл әлемге зиян келтіріп отыр.
Ақ үй басшысы жанармай тапшылығы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты емес екенін, оған Ресей мен Украина арасындағы соғыста болып жатқан оқиғалар себеп екенін айтты.
Ол бұл мәлімдемені өткен жұмада АҚШ-та дизель отынының орташа бағасы алғаш рет галлонына 6 доллардан асып, рекордтық деңгейге жеткеннен кейін жасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript