Әуежайда әзілдесемін деген француз азаматы ұсталды
Фото: pexels
Газета.ru мәліметінше, оқиға Ниной Акино атындағы әуежайдың №2 терминалында болған. Ер адам Себу қаласына ұшпақ болған. Әуе компаниясының қызметкері одан рюкзагын таразыға қоюды сұрап, ішінде не бар екенін нақтылаған.
Тергеу мәліметінше, жолаушы сөмкесінде "пистолет пен бомба" бар екенін айтқан. Осыдан кейін әуежайда қауіпсіздік хаттамалары дереу іске қосылған.
Оқиға орнына авиациялық полиция қызметкерлері, әуежай қауіпсіздік қызметі және жарылғыш заттарды залалсыздандыру мамандары келген. Рюкзак пен оған жақын аумақ мұқият тексерілді. Алайда жарылғыш заттар, қару немесе тұтандырғыш құрылғылар табылған жоқ.
Соған қарамастан ер адам Филиппин заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды. Ел заңында бомбаға қатысты әзіл-қалжың жасауға және жалған мәлімдеме таратуға тыйым салынған.
Қазір ол әуежай полициясының қамауында.
Бұған дейін қазақстандық әйелдің сөмкесінде патронмен әуежайға келіп, басқа қалаға ұшпақ болғаны хабарланған еді.