Піспенан қорабындағы құпия: әйел 50 жыл сақталған 68 млн теңгелік алтынды тапты

Печенье қорабындағы құпия: әйел 50 жыл сақталған 68 млн теңгелік алтынды тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 10:34 Сурет: pexels
Ұлыбритания тұрғыны ескі піспенан қорабынан алтын монеталар тауып алған. Оларды марқұм күйеуі шамамен 50 жыл бойы сақтап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Independent басылымының ақпаратына сәйкес, монеталар шамамен 50 жыл бұрын жасырылған. 1970-жылдардың ортасында британдық әйелдің күйеуі 41 оңтүстікафрикалық крюгерранд және 21 британдық соверен сатып алған. Ол кезде елде экономикалық дағдарыс болып, алтынның бағасы төмен болған.

Ал қазір аукцион мамандары бұл қазынаның құнын 113 мың фунт стерлингке (68 млн 210 мың теңге) бағалап отыр.

Басылымның мәліметінше, монеталар жақсы сақталған. Сонымен қатар олардың арасынан тиісті құжаттар да табылған. Әйел олжаға айналған монеталарды аукционға қойып, қомақты қаражат алған.

Бұған дейін Ұлыбританияда фермер де ерекше олжа тапқан. Ер адам жоғалтып алған балғасын іздеп жүріп, күміс қасықтар мен алтын монеталарға кезіккен. Ол бірден полицияға және жергілікті археологиялық қоғамға хабарлаған. Бұл туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: