Екі жасар бала әкесінің соққысынан комаға түсті

екі жасар бала әкесінің соққысынан комаға түсті , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 12:35 Сурет: unsplash
Ресейдің Рубцовск қаласының тұрғыны екі жасар ұлын қатты соққыға жыққан. Оқиға 13 қыркүйекте үйде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, тергеу нұсқасы бойынша, 28 жастағы ер адам баласының жылағанына ашуланып, оны бар күшімен еденге лақтырып, басынан бірнеше рет аяғымен тепкен.

Ауыр жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Сол жерде ол комаға түсті.

Балаға ауыр жарақат келтірді деген күдікпен әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті ұсталып, онымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған қамауға алу түріндегі бұлтартпас шараны қолдану мәселесі қарастырылуда.

Бұған дейін мас күйдегі зейнеткер әйел күйеуін темір таяқпен ұрып өлтіргені туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: