Күйеуін ұрып өлтірген зейнеткер әйелге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Фото: unsplash
Ресейдің Ростов облысында 68 жастағы зейнеткер әйел күйеуімен жанжалдасып, оны таяқпен және темір баспалдақпен ұрып-соққан. Ер адам ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Gazeta.ru басылымының жазуынша, оқиға Матвеев-Курган кентінде болған. Ерлі-зайыптылар бірге алкоголь ішіп отырған кезде кенеттен жанжалдасып қалған.
Ашуға булыққан әйел ағаш таяқты алып, күйеуінің басынан бірнеше рет ұрған. Одан кейін ол жәбірленушіні темір баспалдақпен ұрып-соққан.
Ер адамды құтқару мүмкін болмады.
Зейнеткер әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды. Оған психиатриялық сараптама тағайындалды. Күдіктіге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript