Джим Керридің жаңа видеодағы келбеті жанкүйерлерінің талқысына түсті
Сурет: видеодан
64 жастағы танымал актер Джим Керри досы, комик Джефф Росстың туған күніне видео-құттықтау жазғаннан кейін әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода актер өзіне тән ирониялық мәнермен 61 жасқа толған досын әзілмен құттықтаған.
"Оны ұсқынсыз сәби деп атағым келмейді, бірақ дүниеге келген кезде Құдай оның анасына құпияны жария етпеу туралы келісімге қол қойдырған", – деді Джим Керри.
Видео көп ұзамай желіде тарап, 2,3 миллионнан астам қаралым және 100 мың лайк жинады. Алайда көпшіліктің назарын "Маска" фильмінің жұлдызының сырт келбеті көбірек аударды.
Пікір қалдырған қолданушылар Керридің бет-әлпетіндегі өзгерістерді қызу талқылап, оның ботокстан бас тартқанын атап өтті. Сонымен қатар актерге ұқсайтын "сыңарлары" туралы пікірталас қайта жанданды.
Бұған дейін 2026 жылдың көктемінде Джим Керримен қарым-қатынаста болғанын мәлімдеген Анастасия Волочкова актерді қайтыс болды деп жариялаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript