Еуропада шетелден келген білім алушыларға бурка мен паранджа киюге тыйым салынбақшы

Еуропада шетелден келген білім алушыларға бурка мен паранджа киюге тыйым салынбақшы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 10:46 Сурет: pexels
Еуропа елдерінің бірінде шетелдік оқушылардың санын шектеуді, сондай-ақ мектептерде бурка мен никаб киюге тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az жазуынша, бұл туралы Италия премьер-министрі Джорджа Мелони мәлімдеді.

Құжатта итальяндық мектеп жүйесіне бейімделуде айтарлықтай қиындықтарға тап болған шетелдік оқушылардың ата-аналары үшін итальян тілін міндетті түрде оқыту көзделген.

"Жақын арада министрлер кабинетінің отырысында бір сыныптағы шетелдік оқушылардың ең жоғары санын заң жүзінде белгілейтін заң жобасы ұсынылады. Сондай-ақ мектеп жүйесіне бейімделуде елеулі қиындықтарға тап болған шетелдік оқушылардың ата-аналарына итальян тілін үйрену міндеттеледі және мектептерде бурка мен никаб киюге тыйым салынады", – деді Мелони.

Ол бір сыныпта қанша шетелдік оқушыға дейін оқуға рұқсат етілетінін нақтыламады. Премьер-министр бұл бастаманың итальян тілін білмейтін балалардың қоғамға тиімді интеграциялануын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындағанын түсіндірді.

Сонымен қатар Мелони мектептерде бетті толық жауып тұратын киімдерді, атап айтқанда бурка мен никабты киюге тыйым салу қажеттігін айтты. Оның сөзінше, итальян мектептерінде оқушылардың жүзі ашық болуы тиіс.

"Мектепке беті ашық күйде бару керек. Италияда ешкім шынайы немесе ойдан шығарылған дәстүрді желеу етіп, жас қыздардың өздерін бүркемелеуі керек емес", – деді Италия премьер-министрі.

Бұған дейін Қазақстанда мектеп оқушыларының оқуүлгерімін бағалау ережелерінің өзгергені белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: