21 жастағы блогер қызды үйінен сүйреп шығарып, көшеде аяусыз өлтірген
Фото: unsplash
Need To Know басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға Маи-ду-Риу қаласында болған. Қыз әкесімен бірге болған үйге қаруланған адамдар басып кірген. Қаскөйлер ер адамды еденге жатқызып, Эвелинді сыртқа сүйреп шығарған. Содан кейін оны тротуарда бірнеше рет атып кеткен.
"Қылмыскерлер көлікпен қашып кетпес бұрын ғимараттың қасбетіне "TCP" деген граффити қалдырған. Бұл – Рио-де-Жанейродағы ірі қылмыстық топтардың бірі "Terceiro Comando Puro" ұйымының аббревиатурасы", – делінген басылым хабарламасында.
Оқиға орнына келген полицейлер қыздың сол жерде қаза тапқанын анықтаған. Блогер қайтыс болғанға дейін тергеу барысында болған.
2026 жылдың шілдесінде оны супермаркет маңында атып өлтірілген 56 жастағы отставкадағы полиция сержанты Антониу Анилду Алвес да Силваны өлтіруге көмектесті деген күдікпен қамауға алған.
"Сонымен қатар, оны ұстау кезінде марихуана, кокаин және атыс қаруына арналған екі оқжатар табылып, оған есірткі саудасы бойынша да айып тағылған", – делінген хабарламада.
Тек 9 қыркүйекте қыз кепілмен уақытша босатылған. Әлеуметтік желідегі аккаунты өшірілгенге дейін Эвелиннің өмірін 24 мыңнан астам жазылушы бақылаған. Ол парақшасында саяхаттары мен бьюти-контентін бөліскен.
Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр. Сондай-ақ шабуылдың полиция қызметкерінің атышулы өлімімен байланысы бар-жоғы анықталуда.