Оқушы қыз мектепке мылтықпен келген
Сурет: pexels
Onedio басылымының жазуынша, мұғалім қыздың әрекетіне назар аударып, оның қару алып келгенін байқаған. Педагогтер мен ата-аналар араласқаннан кейін мылтық оқушыдан тәркіленді. Кейін қарудың оқталмағаны анықталды.
Мектеп әкімшілігі полиция шақырып, болған жағдай туралы аудандық білім басқармасына хабарлаған. Оқушы түсініктеме беру үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сондай-ақ қарудың кімге тиесілі болғанын және қыздың оған қалай қол жеткізгенін анықтау үшін тергеу басталды.
Оқиғадан кейін мектептегі сабақтар тоқтатылып, оқушылар үйлеріне жіберілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген. Сондай-ақ оқушы айналасындағыларға қарумен қорқыту әрекетін жасамаған.
Бұған дейін Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулардың әлі де табылып жатқаны хабарланған еді.