Украина парламентіне елдің бейтарап мәртебесі туралы заң жобасы енгізілді
Сурет: Telegram-канал Владимира Зеленского
Украина Жоғарғы Радасына елдің бейтарап мәртебесі туралы заң жобасы енгізілді. Депутат Анна Скороход Украина Конституциясында елдің қандай да бір әскери одақтарға қосылмайтынына кепілдік беруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az мәліметінше, сонымен қатар Конституциядан Украинаның НАТО-ға кіру бағытын алып тастау ұсынылды. Алайда Еуропалық Одаққа мүше болуға ұмтылыс сақталмақ.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинаның НАТО-ға кіруі қазір қарастырылып отырған мәселе емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты аяқтауға басымдық беріп отыр.
Алайда Рубио журналистерге Исландияның сыртқы істер министрі Торгердюр Катрин Гюннарсдоуттирмен Рейкьявикте өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Украина төңірегіндегі жағдай әзірге қақтығыстың аяқталуына қарай өрбіп жатқан жоқ екенін айтты.
Бұған дейін АҚШ пен Украина алғашқы маңызды келісімге қол қойғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript