Депутаттар "Алатау" қаласының арнайы мәртебесі туралы заң жобасын қарауға алды
Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 14 қаңтардағы пленарлық отырыста "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутат Нұртай Сабиляновтың атап өтуінше, "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" заң жобасы 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысының "Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде" атты Жолдауын іске асыру аясында әзірленген.
"Заң жобасы Алатау қаласын халықаралық деңгейдегі экономикалық, технологиялық, ғылыми-білім беру, сауда-ойын-сауық инвестициялық орталық ретінде қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ, ол инвестицияларды қорғау кепілдіктерін арттыруға, қаланы дамытуға, ғылым мен техниканың озық технологияларын, технологиялық инновациялар мен тәжірибелік әдістерді қолдану арқылы "ақылды қала" құруға және Алатау экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған", – деді мәжіліс депутаты.
2025 жылғы желтоқсанда біз Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болатынын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript