Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобаларын қарауға алды

Государственная служба, госслужба, госслужащий, госслужащие, государственный аппарат, госаппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 13:18 Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 14 қаңтардағы пленарлық отырыста мемлекеттік қызмет туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобаларын қарауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Снежана Имашева аталған заң жобалары мемлекеттік басқару сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

"Заң жобалары мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырады, қызметкерлердің мансаптық өсу механизмдерін енгізеді және білікті кадрларды тарту мен ұстап тұруға жағдай жасайды. Мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған іс-әрекет үлгісі бекітіледі, ал көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі басымдыққа ие болады. Сонымен қатар, тәртіптік жауапкершілік жүйелері жетілдіріліп, әділ және икемді тәсілдер енгізіледі, профилактика принципіне ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы, заң жобалары заманауи, кәсіби және қоғамға есеп беретін мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған", – деді спикер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы келісімдеріне түзетулер енгізу жөніндегі хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобаларын қарауға алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: