АҚШ тұрғыны бірдей 50 билет сатып алып, 121 млн теңге ұтып алды

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 11:26 Фото: freepik
АҚШ тұрғыны бір лотерея ұтысына бірдей 50 билет сатып алып, 250 мың доллар, яғни шамамен 121 млн теңге ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

UPI агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиға Оңтүстік Каролина штатында болған. Ер адамға "0-5-0-0" сандар комбинациясы қатты ұнап, тәуекелге бел буған. Ол өз қаласындағы түрлі дүкендерден бірдей 50 билет сатып алған.

"Жолым болатынын жәй ғана сездім", – деп мойындады ол.

Қатысушының интуициясы алдамады: дәл осы комбинация ұтысты болып шыққан. Сатып алған 50 билеттің әрқайсысы оған 5 мың доллардан сыйлаған. Осылайша жалпы ұтысы 250 мың долларға, яғни шамамен 121 млн теңгеге жетті.

Бұған дейін бір әйел түскі ас кезінде 2 млн доллар ұтып алып, жұмысын жалғастырғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: