Германияда робот жасөспірімге жыныстық сипаттағы тиісу әрекетінен кейін тәркіленді

Германияда робот жасөспірімге жыныстық сипаттағы тиісу әрекетінен кейін тәркіленді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 12:30 Сурет: pexels
Германияның Кельн қаласында полиция биіктігі 1,2 метр болатын роботты тәркілеп, жыныстық сипаттағы тиісу дерегі бойынша қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Daily Mail басылымының мәліметінше, оқиға фастфуд мейрамханасының жанында болған. Екі жасөспірімнің (16 және 19 жастағы) басқаруындағы қызыл түсті робот 16 жастағы қызға артынан жақындап, жыныстық қатынасқа ұқсас қимылдар жасаған

Оқиға әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіліп, робот иелері оған қатысты пікірлер жазған.

Күдіктілер құрылғыны көліктің жүксалғышына жасыруға тырысқанымен, полиция оларды жедел ұстап, роботты тәркіледі.

Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында робототехника өндіретін зауыттар ашылатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: