Әлемдегі ең сымбатты ер адам Түркияда тұрады
Сурет: Х/ozetgechaber
Turkiye Today басылымының жазуынша, ерлер арасындағы сұлулық байқауы Таиландта өтті. Қатысушылар шамамен 10 күн бойы арнайы лагерьде болып, түрлі іс-шаралар мен таныстырылымдарға қатысты. Осы уақыт ішінде қазылар алқасы олардың өнерін бағалады. Байқаудың финалы 2026 жылғы 10 қазанда Бангкоктың солтүстігіндегі Нонтхабури қаласында өтті.
Финалдық кеште қатысушылар қазылар алқасының алдына шығып, олардың арасынан үздіктер іріктелді. Түркиялық модель Дирхан Диврикли Нигерия мен Филиппин өкілдерімен бірге үздік үштікке енді. Кейін қазылар алқасы оны байқау жеңімпазы деп таныды. Айта кетейік, бұған дейін ол Top Model of Türkiye байқауында да жеңіске жеткен.
Бразилияда 26 жастағы сұлулық байқауының жеңімпазы Наталия Соарес көлігімен ағашқа соғылып, жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан еді.