Зеленский отставкаға кетпейтінін мәлімдеді
Фото: president.gov.ua
Gazeta.ru басылымының жазуынша, сұхбаттың үзінділері тележүргізушінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған.
"Әрине, жоқ. Бұл – менің жауапкершілігім", – деді Зеленский отставкаға кету-кетпеуі туралы сұраққа жауап беріп.
Украина президентін сайлау мүмкіндігі туралы сұраққа да Зеленский теріс жауап берді. Сондай-ақ осы сұхбатта ол Ресеймен дизель отынын жеткізу туралы келісімнен кейін Трамптың әрекетін сатқындық деп қабылдағанын айтты. Саясаткер АҚШ президентінің Украинаны емес, басқа тарапты таңдағанын "ауыр" жағдай деп бағалады. Оның пікірінше, АҚШ қақтығыстың екі тарапына да қатысты бейтарап ұстанымда қалуы керек.
10 қазанда Трамп Украина президентін ауыстыруға шақырды. АҚШ басшысы Ресеймен бейбіт келісімге қол жеткізе алатын жаңа көшбасшы қажет екенін мәлімдеді. Трамптың пікірінше, Зеленский көптеген келісімге қол қоя алар еді, алайда белгісіз себептермен мұны істемей отыр.
9 қазанда Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Трамп бұл әңгімені өте сәтті деп бағалап, Ресейдің жақын арада АҚШ-қа 300 мың тоннадан астам дизель отынын жеткізетінін және халықаралық нарықтарға 500 мың тонна отын шығаратынын атап өтті. АҚШ Қаржы министрлігі Ресейден жеткізілетін дизель отынына қатысты санкциялар 2027 жылғы 7 сәуірге дейін алты ай мерзімге тоқтатылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ-тың Украина басшылығына қысым көрсеткені туралы мәліметтер жарияланған болатын.