Термокружка қарақшылардан қорғануға көмектесті: америкалық әйел шабуылдаушыларға қарсылық көрсетті
Сурет: pexels
Оқиға 18 қазан күні кешке Орталық саябақта болған. Бронкс ауданында тұратын 32 жастағы Кэтрин Маррокин жұмыстан үйіне велосипедпен қайтып бара жатқан. Әйелдің айтуынша, ол метроға түсуден қорыққандықтан, екі дөңгелекті көлікті таңдаған. Бұл туралы New York Post басылымы жазды.
Жолда келе жатқанда әйелдің құлаққабы түсіп қалған. Оны көтеру үшін тоқтаған сәтте жанына қара бетперде киген үш ер адам жақындаған. Олар бағалы заттарын беруді талап етіп, кейін әйелдің басынан ұра бастаған.
Арпалыс кезінде сөмкесінен термокружка түсіп қалған. Осылайша ол күтпеген жерден велосипедші әйелдің қорғану құралына айналды.
"Кружканы көргенде, ең бірінші ойыма: "Олар бәрібір мені өлтіреді ғой" деген ой келді. Сондықтан кружканы қолыма алып, кімге тиіп жатқанын ойламай, ұра бастадым", – деді әйел.
Маррокин көгерген жерлері мен сырылған жарақаттар алғанымен, келесі күні жұмысқа шыққан.
Қазіргі уақытта полиция күдіктілерді әлі ұстай алмағаны атап өтілді.