The Weeknd жеке орындаушылар арасында әлемдік рекорд орнатты

Канадалық әнші The Weeknd ерлер арасындағы жеке орындаушылардың концерттік турлары бойынша ең жоғары табыс рекордын жаңартты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2026 10:10 Сурет: instagram/theweeknd
Канадалық әнші The Weeknd ерлер арасындағы жеке орындаушылардың концерттік турлары бойынша ең жоғары табыс рекордын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Billboard Canada мәліметінше, After Hours Til Dawn туры әншіге 1,3 млрд доллардан астам (581,2 млрд теңге) табыс әкелген. Концерттерге шамамен 9 млн көрермен қатысқан. Осылайша, ол ерлер арасындағы жеке орындаушылардың концерттік турлары бойынша әлемдік рекорд орнатты.

Тур 2022 жылдың жазында басталып, 2026 жылғы 3 қарашада Куала-Лумпурдағы концертпен аяқталды. Төрт жыл ішінде әнші әлем бойынша 176 концерт өткізді.

The Weeknd концерттік турдан түскен табыс көлемі бойынша Элтон Джоннан озды. Оның Farewell Yellow Brick Road қоштасу туры 939 млн доллар (419,8 млрд теңге) жинаған.

Барлық уақыттағы ең табысты концерттік турлар рейтингінде After Hours Til Dawn үшінші орында тұр. Одан Coldplay тобының Music of the Spheres туры 1,52 млрд доллар (679,6 млрд теңге) және Тейлор Свифттің Eras Tour туры 2 млрд доллар (894,2 млрд теңге) табысымен озып тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: