Ер адам көршісін ұлының көз алдында атып өлтірді

Ер адам көршісін ұлының көз алдында атып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 10:58 Сурет: pexels
Үндістанда ер адам автотұраққа қатысты жанжалдан кейін 42 жастағы көршісін атып өлтірді. Күдікті кісі өлтіруден бірнеше сағат бұрын полиция бөлімшесінде де оны өлтіремін деп қорқытқан. Алайда құқық қорғау органдары бұл ескертуге мән бермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

The New Indian Express басылымының жазуынша, қайғылы оқиға Фаридабад қаласында болған. Қаза тапқан Парамджит Дханкхар Сингапурда орналасқан жеке компанияда жұмыс істеген.

Жанжал Дханкхардың ұлы көршісі Мони Шармадан автотұрақтың сынған қақпасын жөндеп беруін сұрағаннан кейін өршіген. Осы жағдайдан соң марқұм полицияға шағымданған.

Мәселені талқылау кезінде Шарма оны сол түні өлтіретінін айтып қорқытқан. Алайда құқық қорғау органдары бұл қоқан-лоқыны елемей, көршілерді татуластыруға тырысқан.

Келесі күні кешке күдікті Дханкхарды сөйлесу үшін автотұраққа шақырған. Сол жерде ол ер адам мен оның ұлына оқ жаудырып, шамамен 15 рет атқан. Тоғыз оқ әкесіне тиіп, ол оқиға орнында көз жұмды. Ал ұлы аман қалған.

"Шабуылдан кейін Шарма отбасымен бірге бой тасалағанымен, кейін ұсталды. Полиция оның әйелі, ұлы, қызы және ағасына да қатысты қылмыстық іс қозғады", – делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам жиі шулы кештер ұйымдастырып, әуеге оқ атқан және қымбат көліктерді қауіпті жүргізген. Бұдан бөлек, шамамен бір жыл бұрын ол GST салығын төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

Дереккөздердің мәліметінше, күдіктінің атына екі тапанша тіркелгенімен, кісі өлтіру кезінде оның жанында үш қару болған. Марқұмның достары полиция Шарманы алғашқы қоқан-лоқысынан кейін-ақ ұстағанда, қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді деп есептейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: