Әйелінің анасын баспалдақтан итеріп өлтірген ер адам сот алдында жауап береді

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 11:23 Фото: pexels
Ресейдің Қазан қаласында 45 жастағы ер адам мас күйінде жанжал шығарып, бірге тұратын әйелін ұрып-соққан. Кейін оның 75 жастағы анасын да соққыға жығып, баспалдақтан итеріп жіберген. Салдарынан зейнеткер әйел ауыр жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Тергеу комитетінің Татарстан Республикасы бойынша басқармасының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 10 тамызда Айдаров көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Ер адам сол кезде мас күйде болған.

Жанжал кезінде ол 53 жастағы бірге тұратын әйелін ұрып-соғып, кейін оның 75 жастағы анасына күш қолданған. Сондай-ақ әйелді баспалдақтан итеріп жіберген. Алған жарақатынан зейнеткер көз жұмды.

45 жастағы Қазан тұрғынына абайсызда адам өліміне себеп болу және денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу барысында жеткілікті дәлелдер жиналды. Осыған байланысты айыптау қорытындысы бекітілген қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Кенияда 86 жастағы әжейдің өз үйінде қатыгездікпен өлтірілуіне байланысты резонансты тергеу басталып, күдікке оның отбасының төрт мүшесі ілінген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: