Мас күйінде анасын алтыншы қабаттан лақтырып жіберген ер адам сот алдында жауап береді

Башқұртстанда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді деген айыппен сотқа тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 09:13 Сурет: freepik
Башқұртстанда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді деген айыппен сотқа тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lenta.ru басылымының мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айыпталуда. Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 30 қараша күні кешке ер адам Худайбердин көшесіндегі жатақханадағы бөлмесінде 60 жастағы анасымен бірге алкоголь ішкен.

Ішімдік ішу барысында ол анасынан арнайы мекемеге орналастырылған екі баласына қамқоршылық рәсімдеуді сұраған. Алайда әйел бұл ұсынысқа келіспей, екеуінің арасында жанжал туындаған.

Жанжал кезінде ер адам анасын көтеріп, алтыншы қабаттағы ашық терезеден лақтырып жіберген. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу барысында жеткілікті дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар жүргізілген, оқиға орны тексеріліп, куәгерлерден жауап алынған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Бұған дейін Ақмола облысында ер адамның анасы, әкесі және қарындасын өлтіргені туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: