Дағыстандық күш иесі тісімен 125 тонналық тепловозды 15 метрге сүйреді

Дағыстандық күш иесі тісімен 125 тонналық тепловозды 15 метрге сүйреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 11:51 Сурет: Дағыстан спорт министрлігі
Дағыстандық алып күш иесі Омар Ханапиев Махачкала қаласында салмағы 125 тонна болатын тепловозды тісімен 15 метрге сүйреп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дағыстанның Спорт министрлігінің Telegram-арнасының хабарлауынша, Омар Ханапиев өзінің 68-ші әлемдік рекордын тіркеген.

Дағыстандық күш иесі тісімен 125 тонналық тепловозды 15 метрге сүйреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 11:51

Сурет: Дағыстан спорт министрлігі

"Гиннестің рекордтар кітабына енген аты аңызға айналған дағыстандық күш иесі тағы да өзінің мүмкіндіктерімен таңғалдырды. Бұл жолы ол салмағы 125 тонна болатын тепловозды тісімен 15 метр қашықтыққа сүйреді", – делінген ведомство хабарламасында.

Ханапиев осыдан 26 жыл бұрын орнатқан жеке рекордын жаңартты. 2000 жылы спортшы салмағы 120 тонна болатын тепловозды тісімен жеті метрге сүйреген еді.

Дағыстандық күш иесі тісімен 125 тонналық тепловозды 15 метрге сүйреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 11:51

Сурет: Дағыстан спорт министрлігі

Енді күш иесі жыл соңына дейін Махачкала портында салмағы 5 мың тонна болатын кемені тісімен сүйреуді мақсат етіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: