15 млрд текше метрге артық: Қазақстанның су қоймаларындағы ахуал қандай
Сурет: unsplash
3 маусымда ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналғанын хабарлады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы.
Министрлік салыстыру үшін 2023 жылдың деректерін жинаған. Мәселен, былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін жаратылған судың көлемі - 24,4 млрд текше метр.
Айта кетейік, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.
Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатқаны да аталып өтілді.
"Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны кезінде зардап шеккен атбасарлықтар 2024 жылдың соңына дейін жаңа үйлерге көшіріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript