15 млрд текше метрге артық: Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды
Сурет: pxhere
2024 жылы 3 маусымда Су ресурстары және ирригациялар министрлігінің баспасөз қызметі еліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық екенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомствоның мәліметінше, сонымен қатар жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы.
Салыстыру үшін министрлік 2023 жылдың есебін алға тартты. Былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін жаратылған судың көлемі - 24,4 млрд текше метр.
Айта кетейік, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.
"Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript