Алматы әуежайындағы VIP-терминалды жаңа орынға көшіру туралы жаңа ақпарат шықты
Сурет: Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайының корпоративтік коммуникациялар департаменті VIP-терминалдың көшірілуіне қатысты мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған хабарламада атап өтілгендей, VIP терминалды жаңа орынға көшіру әуежайдың мәдени мұрасының сақталуына ықпал етеді.
Сондай-ақ, терминалдың орнын ауыстыру барлық қажетті рұқсаттармен жүзеге асырылатыны айтылады.
"Алматы әуежайын халықаралық стандарттарға сай дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаның орталық бөлігі болып табылатын жаңа ғимаратта мәдени мұралар сақталады және кеңейтіледі", - деп хабарлады ведомство.
Бұл ретте жаңа халықаралық жолаушылар терминалы 2024 жылдың жазында ашылады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, Алматы әуежайының тарихи ғимараты 1947 жылы салынған және Алматы қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген.
"Сәулет ескерткішін жылжыту дегеніміз оны жаңа орындағы бар сәндік элементтермен қайта жасау", - деп толықтырды ведомство.
Хабарламада ғимараттың қайта жасалатыны және сәндік элементтердің бастапқы көрінісін сақтайтыны айтылған.
"Барлық сәндік элементтері сақталған терминал Алматы халықаралық әуежайының аумағында 420 метр радиусқа жылжытылады, сол арқылы ғимаратты тарих және мәдениет ескерткіші ретінде сақтау үшін жағдай жақсарады". Алматы халықаралық әуежайының корпоративтік коммуникациялар департаменті
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript