Ерке Есмахан “Қайда?” бейнебаянының жалғасын ұсынды

Ерке Есмаханның жаңа әні “КЗ жігіт” деп аталады.

Фото: 9 Қараша 2017, , 09:17
Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ! Ерке Есмахан болашақ жарына іздеу салғалы төрт айдың жүзі болды. Сонымен Ерке өмірлік серігін тапты ма? Оның таңдауы кімге түсті? Бұл сұрақтың жауабын жаңа бейнебаяннан іздеп көруге болады, - деп жазды Stan.kz. Ерке Есмаханның жаңа әні “КЗ жігіт” деп аталады. Жаңа туындыда Ерке өзі ғашық жігіттің образын сипаттайды. Оның міндетті түрде ержүрек қазақ жігіті болатынын айтады. Алайда қуануға асықпаңыз! Себебі Ерке әлі де сүйіктісін тапқан жоқ. Ерке оның атын да, жасын да білмеймін деп әндетті. Әдеттегідей Еркенің шығармашылығына деген тыңдарманның қызығушылығы ерекше. Бұлай деуімізге бір себеп – жаңа клипті небәрі екі сағатта 60 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген. Бұл ретте тыңдармандар пікірі екіге бөлінген. Бірі “КЗ жігітінің” “Қайда?” сияқты хит болатынын айтса, екіншілері кереғар пікір білдіріп, сөз таластыруда. Фото/Видео: Stan.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ