Данэлия Тулешованың бейнебаяны шықты

«Другие» әніне түсірілген бейнебаян YouTube желісіндегі Данэлия Тулешованың ресми арнасында жарияланды.

Фото: Baq.kz28 Желтоқсан 2017, , 11:22

Украиналық «Голос. Діти» шоуының жеңімпазы атанған қазақстандық Данэлия Тулешованың бейнебаяны шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Другие» әніне түсірілген бейнебаян YouTube желісіндегі Данэлия Тулешованың ресми арнасында жарияланды.

Жас әнші Іnstagram-дағы парақшасында оқырмандарынан «Менің көптен күткен «Другие» бейнебаянымды қарсы алыңыздар!» деп сүйінші сұрады.

Еске сала кетсек, 11 жасар Данэлия Тулешова «Голос. Діти» шоуының ақтық сынында «Океан Эльзы» тобының «Не твоя війна» әнін украин тілінде орындап, жеңіске жетті.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия мен анасы екеуін қабылдап, Елбасы мен бүкіл қазақстандықтардың атынан жетістігімен құттықтағанын хабарлаған болатынбыз.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ