Данэлия Тулешова Алматыда алғашқы ән кешін өткізеді

Сурет: zakon.kz
Концерт 27 мамырда кешкі сағат 18:00-де басталады.

Украиналық «Голос. Дiти» байқауының жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова Алматыда ән кешін өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«MEGA Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығындағы амфитеатрда Данэлия «Голос. Дiти» байқауында орындаған әндерді, авторлық әндерді және жаңа каверлерді, жалпы алғанда 10 ән орындайды. Концерт 27 мамырда кешкі сағат 18:00-де басталады.

«Мені қолдайтындарға шын жүрегіммен алғыс айтамын және бұл ән кешімді менің жанкүйерлеріме арнаймын. Мен аздап уайымдап тұрғанымды жасырмаймын, бәрі жақсы өтсе екен деп тілеймін. Қалай болғанда да бұл менің алғашқы концертім. Сүйікті Алматы қаласында сіздермен кездесетінім үшін қуанам!» - дейді Данэлия Тулешова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды