“Песни” шоуына қатысып жатқан Назима Тиматимен дуэт орындайды

Stan.kz
Тимати “Песни” жобасының бас продюсерлерінің бірі әрі қазақстандық Назиманың тәлімгері.

Ресейде “Песни” жобасына қатысып жатқан қазақстандық Назима Жәнібекова Тиматимен дуэт орындайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде жобаның алдағы кезеңіне жеребе тасталған сәт пайда болды. Онда Назиманың Тиматимен дуэт шырқайтыны айтылған.

“Басымнан мұндай жайт өтеді деп ешқашан ойламаппын. Тиматимен бірге ән айтамын. Мұны елестете аласыздар ма?” – деді Назима.

Айта кетейік, Тимати “Песни” жобасының бас продюсерлерінің бірі әрі қазақстандық Назиманың тәлімгері. Танымал ресейлік рэпер Назиманың өнерін жоғары бағалап отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды