Алматы көшелерінің бірінде Джип автокөлігі аударылды

www.zakon.kz
Полиция қызметкерлері жол апатының барлық жайттарын тексеріп жатыр.

Алматы қаласындағы Сейфуллин даңғылы мен Майбороды көшесінің қиылысында жол талғамайтын көлік аударылып қалды деп жазады Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі, солға бұрылмақ болған. Алайда жылжып келе жатқан Lada Priora автокөлігіне жол бермей қойады. Нәтижесінде жеңіл автокөлік Джиптің бүйірінен соғып, ол аударылып қалады.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келіп, екі көліктің жүргізушілерін ауруханаға алып кетті.

Полиция қызметкерлері жол апатының барлық жайттарын тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды