Америкада ұсталған үш қазақстандықтың аты-жөні белгілі болды

Sputniknews.kz
Қазақстанның үш азаматы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұсталған.

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-та ұсталған қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізге Нью-Йорк штаты оңтүстік округінен келіп түскен мәліметке сәйкес, қамауға алынған азаматтардың арасында Қазақстанның үш азаматы бар. Олар: Азиза Джавадзаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған; Диора Аширова, 1991 жылы туған және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған. Сыртқы істер министрлігі олардың Қазақстан азаматы екенін растады", — деді министр үкімет кулуарында.

Әбдірахманов Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы Америка тарапымен тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті.

"Біздің азаматтарға қажетті консулдық және құқықтық қорғауға байланысты қызмет көрсетіп жатырмыз. Азаматтарымыз әлемнің қай түкпірінде болса да, біз оларды қорғаймыз", — деді ол.

Айта кетсек, бүгін таңертең Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы АҚШ-та үш қазақстандықтың ұсталғанын растаған еді. Қазақстан азаматтары ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұсталған.

Бұған дейін интернет арқылы раритет көліктерді сатуға байланысты алаяқты жасаған бір топ адамның ұсталғаны хабарланған еді. Шығынның жалпы көлемі — 4,5 миллион доллар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды