Ғалымдар ақыры адам өмірін ұзартудың жолын тапты

sputniknews.kz
"Дазатиниб" пен "Кварцетиннің" қоспасы қарттық фенотипі бар жасушаларды іріктеп жоюда көмектесетіні анықталды.

Миннесота университетінің ғалымдары қартайған жасушаларды жоюды жеделдететін препараттардың ағзаның қартаюымен күресуде тиімді екенін анықтады, деп хабарлады sputniknews.kz.

Зерттеу мұндай екі препарат – "Дазатиниб" пен "Кварцетиннің" қоспасы қарттық фенотипі бар жасушаларды іріктеп жоюда көмектесетінін көрсетті.

Соның арқасында мұндай жасушалар бөлетін цитокиндердің әсерінен болатын қабынулар азаяды.

Бұл қоспа кеміргіштердің мезгілсіз өлу тәуекелін 65 пайызға төмендетті. Ескі жасушалар трансплантацияланған тышқандардың өмірі осы препараттармен емдеудің арқасында 36 процентке ұзарды. Зерттеушілер алдағы уақытта адамдардың қартаюымен күресте бұл әдістің тиімді екенін дәлелдеп шықпақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды