Он бір айлық қыз пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

sputniknews.kz
Сәбиді жедел жәрдем мамандары үйден аудандық ауруханаға жеткізді.

Ресейдің Сахалин облысында сәрсенбі күні он бір айлық қыз бала пышақ жарақатымен ауруханаға түсті деп жазады sputniknews.kz .

Құқық қорғау органдары балақайды кім пышақтап тастағанын анықтап жатыр, - деді РФ Тергеу комитеті өңірлік басқармасы басшысының аға көмекшісі Ольга Чебыкина.

Оның айтуынша, 11 айлық Оха қаласының (Сахалиннің солтүстігінде) тұрғынын жедел жәрдем бригадасы үйден жергілікті орталық аудандық ауруханаға жеткізген.

Қазіргі таңда бала жан сақтау бөлімінде жатыр.

Чебыкина хабарлағандай, қыздың ауруханаға түскені туралы ақпарат құқық қорғау органдарына таңғы сегіз жарымда түскен. Тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр, қазір қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды