«Күйеуге шығуға асықпаңдар»: Айжан Байзақова өзінің ажырасып кеткенін айтты

sn.kz
Қазір ол ана болуға дайындалып жүр.

Атышулы Айжан Байзақова өзінің күйеуінен ажырасып кеткенін айтты. Сондай-ақ, қыздарды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды деп жазады sn.kz.

«Мен ажырасып кеттім. Соңғы уақытта әдемі қыздар желідегі парақшама «Ұят-ай, күйеуіңді ұстап қала алмапсың. Енді жалғызбасты ана боп қалдың» деген пікірлер жазатын болды. Қарап отырсақ, ажырасқаннан кейін тек әйелдер ғана қайғы жұтады. Ал еркектерге бәрібір. Оларға туысқандары «неге ажырастың» деп бетіне баспайды. Артынан сөз де қылмайды. Ал біз қашанға дейін елдің айтқан әңгімесінен қорқып жүреміз? Егер күйеуің көзіңе шөп сала ма, онда ажырасу керек. «Күйеуге шықтың, барлық ісіне шыда» дегеннен аулақ болыңыздар. Сондай-ақ, күйеуге шығуға асықпаңыздар. Ол жақтан ешкім бақытты болып оралған емес», – деп жазды Байзақова Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін Айжан Байзақова өзінің тұрмыста екенін айтқан болатын. Қазір ол ана болуға дайындалып жүр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды