Қайрат Нұртас Нұр-Сұлтанда тегін концерт бергелі жатыр

Reactor
Концерт 3 тамызда ЕХРО кешенінде өтеді.

3 тамыз күні отандық танымал әнші Қайрат Нұртас және жас талант Ержан Максим елорда жұрты мен қонақтары үшін тегін концерт өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Талантты орындаушы, ресейлік Бірінші телеарнада өткен "Дети. Голос" жобасының финалисі тыңдаушыларды бей-жай қалдырмады. Өзінің жас ерекшелігіне қарамастан ерекше музыкалық дарын иесі. 3 тамызда жас әнші сүйікті халық әндерін және "Дети. Голос" шоуы аясында шығарылған әндерді шырқайды", - деп жазылған Astana EXPO-ның ресми сайтында.

Концерт осы сенбі күні кешкі сағат 20:00-де EXPO-ның жазғы алаңында өтеді.

"Қазақстандық танымал әнші - Қайрат Нұртастың концерті де өтеді. Қайрат өз жанкүйерлеріне шын жүректен орындайтын сүйікті әндерінің тегін музыкалық кешін ұсынады. Кешке келіп, оның ескі және жаңа хиттерін тыңдап, таңғажайып музыкалық кештен ләззат алыңыз", - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды