"Қазақстандық немісті" сириялық қылышпен бауыздап тастады. ҚР СІМ түсініктеме берді

mignews.com
Белгілі болғандай, ер адамдар бір пәтерді жалға алып, бірге тұрып жатқан.

Mash Telegram каналы Германияда Сириядан келген 28 жастағы босқын қазақстандық немісті қылышпен бауыздағаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Штутгарт көшесінде болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қанішердің құрбаны Қазақстаннан келген 36 жастағы неміс болса керек. Көп ұзамай қылмыскер ұсталды. Ол Сириядан келген мигрант болып шықты.

Белгілі болғандай, ер адамдар бір пәтерді жалға алып, бірге тұрып жатқан. Араларында не болғаны белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, қылышын жалаңдатқан босқын оған: "Неге істедің, деймін" деп айғайлапты.

Неміс полициясы қаскөйді тікұшақтың көмегімен ұстағанын хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан келген немісті өлтіріп кету оқиғасына қатысты түсініктеме берді. Олар неміс полициясының Франкфурт-на-Майндағы бас консулдығына берген ақпаратына сүйене отырып, марқұмның Қазақстанға мүлдем қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды