21 жастағы мұғалім қыз орманға барып асылып өлді

34.ua
Бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Мұғалім болып жұмыс істейтін жас қыз орманға барып асылып өлді. Оқиға 16 қыркүйекте Теректі ауданында болды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қыркүйек күні сағат 09:30-да Теректі ауданындағы Новая Жизнь ауылындағы үйден 100 метр қашықтықтағы орманнан әйелдің мәйіті табылды.

- 21 жастағы бойжеткен асылып өлді. Тергеу барысында оның мектепте мұғалім болып жұмыс істегені анықталды. 16 қыркүйек күні сағат 08:00-де жұмысына өзінің көлігімен шығып, кешке үйге оралмады. Телефонын көтермеген. Көршісі асылған қызды қоқыс шығарып жатқан кезде тапты, - деп түсіндірді Полиция департаменті.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 б. 1-бөлігіне "Өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу" сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды