Нұр-Сұлтанда студенттер тағы тамақтан уланып қалды

uanova.net
Қазіргі уақытта студенттердің тамақтан улану фактісі бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Сәдуақас Байғабылов елордада тамақтан уланған студенттерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері екінші мәрте тамақтан уланып, жұқпалы аурулар ауруханасынан бір-ақ шыққан. Унивеститет қабырғасындағы шағын және орта кәсіпкерлік нысан білім ордасын тамақпен қамтамасыз ететінін баса айта кетелік.

Қазіргі уақытта студенттердің тамақтан улану фактісі бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.

- Тексеру нәтижелері бойынша уланудың себебі анықталып, ШОБ тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау және сату кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді дұрыс сақтаған ба, соған сәйкес баға беріледі. Студенттер 7 қазанда жұқпалы аурулар ауруханасына іштері бүріп ауырған соң жатқызылды, - деді Сәдуақас Байғабылов.

Улануға байланысты кәсіпкер өз еркімен университетте тамақ беруді тоқтатып, санитарлық күн жариялады.

Айта кетсек, 2018 жылдың қыркүйегінде осы университеттің 16 студенті шағын және орта кәсіпкерлік нысанның асханасына барып, тамақтан уланып ауруханаға түскен. 2018 жылы университеттің асханасында санитарлық ережелердің бірнеше рет бұзу фактісіне сәйкес, кәсіпкерге 95 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды