Англияда жүк көлігінен табылған 39 мәйіт Қытай азаматтары болып шықты

cdn25.img.ria.ru
Кісі өлтірді деген күдікпен көлік жүргізушісі - 25 жастағы Солтүстік Ирландия тұрғыны ұсталды.

Ұлыбританияда жүк көлігінен табылған 39 адамның барлығы Қытай азаматтары болып шықты, деп хабарлайды РИА Новости ITV-ге сілтеме жасап.

Кісі мәйіттері бір күн бұрын Грейс қаласындағы индустриалды парктердің бірінен табылды. Жүк машинасында барлығы 38 ересек пен бір жасөспірімнің мәйіті болған.

Эссекс округінің полициясы жүк көлігі Грейске Болгариядан Холихед порты арқылы келді, ол жерге Ирландия паромдары келеді деп болжайды. Кісі өлтірді деген күдікпен көлік жүргізушісі - 25 жастағы Солтүстік Ирландия тұрғыны ұсталды.

Болгария СІМ көліктің Болгарияда тіркелгенін растады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды