Павлодарда әке мен ұл есірткі сату бизнесін құрған

видеодан кадр
Павлодар облысында отбасылық есірткі бизнесінің жолы кесілді.

Павлодарда әкелі-балалы Павлодарлық полицейлер каннабистік топтағы есірткілерді сатумен айналысқан топтың жолын кесті. Есірткіні өткізумен айналысқан әкесі мен баласынан құралған топ туралы ақпаратты марихуана сатқан адамнан анықталып, одан 78 грамм есірткі тәркіленген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Тінту барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысының пәтерінен "Браунинг" тапаншасы, 4 грамм героин, сату үшін өлшеніп оралған марихуана, екі электрондық таразы тәркіленді.

Сол күні ұсталған азаматтың ұлына тінту жүргізілді, одан 14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 199 килограмм марихуана және сату үшін дайындалған пакеттер тәркіленді.

Күдіктінің екінші ұлының отбасылық бизнеске қатыстылығы туралы нұсқаны тексеру барысында оның үйінен 5 ұялы телефон, марихуана салынған пакеттер, ал үйдің төбесіне жасырылған сораның құрғақ бұталары тәркіленді.

Ұсталғандарға қатысты топ құрамында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазіргі уақытта басқа тұлғалардың заңсыз бизнеске қатыстылығын анықтау іс-шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды