Қарағандыда жоғалған әйелдің денесі контейнерден табылды

instagram.com
Кісі өлтіру фактісі бойынша 36 жастағы күдікті ұсталды.

Қарағандыда 29 қарашада жоғалып кеткен ті әйелдің мәйіті контейнерден табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы @Patriotkaragandy парақшасында жазылды.

- 3 желтоқсанға қараған түні Жанар Бөлегенованың өлі денесі темір контейнерден табылды. Ол 29 қарашада жоғалып кеткен. Бірақ үш күннен кейін, яғни бірінші желтоқсанда, оның жоғалғаны туралы полицияға арыз түсіп, іздеу жұмыстары басталды. Екі бала жетім қалды, делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті бұл жайтқа байланысты 36 жастағы күдікті ұсталғанын хабарлады.

- ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кісі өлтірілгенін мойындады, - дейді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды